Аягүл Төреқызы Миразова туралы эссе
Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне бала кезден ұялап, ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесі. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін бірінші ұғым – «АНА» болса, екінші ұғым - «ҰСТАЗ» Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаз әр адамның жанына жылулық пен білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты